Қазақстандағы калий өндіру

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыру, Батыс Қазақстан облысындағы Сатимола кен орны.
Қазақстандағы калий рудаларын өндіру

Қазақстан – калий тыңайтқыштары мен бор қышқылын өндіру бойынша жаңа бағытты дамыту үшін зор минералдық-шикізат базасына ие.

Калий және бор қосындыларына бай «Сатимола» кен орны Солтүстік Каспий жерасты қабат сулары бассейні аумағында орналасқан және әлемдегі ірі кен орындарының бірі болып табылады.

Image
Сатимола кен орны

«Сатимола» кен орны базасында Қазақстандағы алғашқы калий және бор қосындыларына бай тұздарды өндіру және қайта өңдеу бойынша байыту-өндірістік кешенінің құрылысы Республикаға ауыл шаруашылығы мен бөлшек сауда салаларын толық көлемде калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тыңайтқыштар топыраққа тікелей енгізуге арналған біркомпонентті калий тыңайтқышы ретінде, сондай-ақ өнеркәсіпте күрделі тыңайтқыштар мен химиялық өнімдер өндірісінде қолданылады.

Сатимола кен орны пайдалы қазбалар қоры мен құрамындағы компоненттер бойынша бірегей кен орны болып табылады. Калийден бөлек, кен құрамында бор, бром, магний және басқа да ілеспе элементтер бар.

Image
Калий рудаларын байыту

Калий рудаларын байыту флотациялық әдіспен, заманауи реагенттер мен озық жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Бұл әдіс халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы калий тыңайтқышын өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба аясындағы инновациялар калий рудаларын байытудың тиімді, үнемді және экологиялық тұрақты технологияларын жасауға бағытталған:

  • Жаңа реагенттерді қолдану: Селективтілігі жоғары және қоршаған ортаға қауіпсіз коллекторлар, көбіктендіргіштер мен биореагенттер пайдаланылады.
  • Реагенттердің мөлшерін және берілуін оңтайландыру: Реагенттерді дәл мөлшерлеуге арналған автоматтандырылған басқару және бақылау жүйелері енгізіледі.
  • Ақпараттық технологияларды қолдану: «Индустрия 4.0» элементтері өндіріс процесіне енгізіледі.
  • Судың тұтынуын азайту: Су айналымы тұйық цикл бойынша жүргізіледі. Концентратты сусыздандыру мен кептіру әдістері пайдаланылады.
Халықаралық логистика

Жолға қойылған (орныққан) логистикалық жүйе өнімді Еуропа, Қытай, Оңтүстік Америка, Азия және Таяу Шығыс нарықтарына теңіз порттары мен құрлықтағы өткелдер арқылы тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Тасымалдау маршруттары Балтық, Қара және Каспий теңіздері арқылы жүзеге асырылады.

Map
Image
Логистикалық артықшылықтар

Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық жағынан тиімді орналасқан ел. Барлық бағыттар бойынша дамыған көлік инфрақұрылымына, Қытай, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанмен теміржол дәліздеріне, сондай-ақ Каспий теңізі арқылы порттарға шығу мүмкіндігіне ие. Осындай көлік дәліздерінің болуының арқасында бізге Еуропа, Азия және Таяу Шығыс нарықтары қолжетімді.

Image
Qazaq Kalium Ltd. компаниясының калий тыңайтқыштары саласындағы рөлі

«Qazaq Kalium Ltd.» компаниясының «Сатимола» кен орны базасында калий тұздарын өндіруге арналған байыту-өндірістік кешен құрылысы бойынша инвестициялық жобадағы рөлі – экспортқа бағытталған, Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларына кіретін кәсіпорынды құру және жер қойнауын пайдалану саласында әлемдік деңгейде қызмет көрсететін ғылыми-зерттеу орталығын (ҒЗО) ұйымдастыру.

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет жылына 25,0 млн тонна калий рудаларын және 1,0 млн тонна бор қосындылары бар тұз рудаларын кешенді өңдейтін өндіріс құрылады. Бұл кәсіпорын ішкі және жаһандық нарықта сұранысы жоғары әрі өсіп келе жатқан өнімдер калий тыңайтқыштарын (калий хлориді) және бор қышқылын өндіретін болады. Аталған өнімдер экспорттық құны жоғары тауарлар санатына жатады.